Оқушылар облыс әкімімен кездесті

Қарағандыдағы Достық үйінде Бірлік күні қарсаңында «Жаңа Қазақстан – мызғымас бірлік мекені» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға мектеп оқушылары Аркадий Цай, Алмаз Асқатов пен Ұлан Мұстафин және педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлбақыт Абдикенова да қатысты. Оқушылар облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке экология және медицина саласындағы жобаларын таныстырып, болашақ жоспарларын бөлісті. Облыс әкімі оқушылардың бастамасын қолдауға дайын екенін атап өтті.