Оқушылар Александр Пушкин шығармаларын сахналады

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орыс тілі мен әдебиеті айлығы аясында Александр Пушкиннің шығармашылығына арналған театрландырылған қойылымдар сайысы өтті. “Читать модно, не модно не читать!” атауымен өткен конкурсқа 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Шара ұйымдастырушылары осылайша шәкірттерді Александр Пушкиннің шығармашылығымен жақын таныстырып, әдебиетке қызығушылықтарын оятуды мақсат еткендерін айтады.

Әр сынып өздері таңдаған шығарманы сахналап, көпшілікке ұсынды. Әділқазылар алқасы барлық қойылымның өте әсерлі, шынайы әрі қызықты шыққанын атап өтті. Ал жеңімпаз топты анықтауда қойылымның мәні, әртістердің ойыны мен декорацияға ерекше мән берілді.

Сайыстың нәтижесі бойынша үш сынып озық шықты. Ал бірінші орын 9 “А” сыныбының оқушыларына бұйырды. Олардың “Капитанская дочка” шығармасына сүйене отырып сахналаған “Береги честь смолоду” қойылымы әділқазылар мен көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.

Конкурсқа қатысқан басқа да топтар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша,
оқушылар сайысқа ерекше ынтамен қатысып, өздерін жаңа қырдан көрсете алды.