«NISK – Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» конференциясы өтті

MUN мектеп клубының жетінші жыл сайынғы «NISK – Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» конференциясы өтті. Іс-шараны мектеп оқушылары Диана Губайдуллина (бас хатшы) мен Әділ Шаяхметов (сарапшы) ұйымдастырды. Комитет төрағалары болған: Ануар Тұрлұбай, Аружан Ақыш, Жанель Таукенова мен Сабина Айтбекова. 

Конференцияға 8-12 сыныптардың 35 оқушысы қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі барысында қатысушылар «Басып алынған Палестина аумағында адам құқықтарының бұзылуы» және «Тынық мұхитындағы Қытайдың үстемдігі» сияқты әлемдік проблемаларды талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша Жансұлтан Жұмашев, Сағи Бақыткелді («Үздік делегат»), Әбілмансұр Алимбаев, Амирхан Сандыбаев («Арнайы диплом»), Аружан Кошекбаева мен Адэля Тулегенова («Үздік лауазымдық хат») номинация жеңімпаздары атанды.

Конференцияға қатысу арқылы оқушылар көшбасшылық және көпшілік алдында сөйлеу машығын дамытуға мүмкіндік алды. Топта жұмыс жасап, бір-бірімен тәжірибе алмасты. 

БҰҰ моделіне қатысу – ой-өрісті кеңейтіп, сыни ойлауды дамытуға таптырмас мүмкіндік.