NIS Виртуалды мектебіне тіркелу жүріп жатыр

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Виртуалды мектепке тіркелу жүріп жатыр. Виртуалды мектеп оқушыларға Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге дайындалуға, оқу тиімділігін арттырып, қажетті дағдыларды шыңдауға, ынтаны арттыруға көмектеседі.

Оқуға 6-сынып оқушылары шақырылады. Оқушыларды тіркеу 11 қазаннан 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл ретте оқу 25 қазанда басталатынын атап өткен жөн. Қатысам дегендер http://vs.nis.edu.kz/ сайтында тіркелуі тиіс. 

Виртуалды мектепте тіркелген қазақ тілінде оқитын оқушылар «Математика», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша, ал орыс тілінде оқитындар «Математика», «Жаратылыстану», «Орыс тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі” пәндері нен білім алып, өткен материалды бекітуге арналған тест тапсырмаларын орындайды.

17-24 желтоқсан аралығында оқушылар қорытынды тестілеуден өтеді.