NIS виртуалды мектебіне тіркелу басталады

6-сынып оқушылары мен ата-аналары назарына!

Жалпы білім беретін оқу ордаларының 6-сынып оқушыларын NIS-тің 7-сыныбына түсуге арналған конкурстық іріктеуге дайындау мақсатында «Виртуалды мектеп» жобасы басталады.

Виртуалды мектеп – оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша онлайн режимде білім алуға мүмкіндік беретін қосымша білім беруді ұйымдастыру нысаны.

Виртуалды мектептің жұмыс кестесі:

6-сынып оқушыларының тіркелуі: 11 қазан – 24 желтоқсан.

Пәндерді оқыту және бағалау тест тапсырмаларын орындау: 25 қазан – 24 желтоқсан.

Қорытынды тестілеуден өту: 17 желтоқсан – 24 желтоқсан.

Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ сайтында жүргізіледі.