«NIS’s Got Talent» байқауының іріктеу кезеңі өтті

Мектептің 10 жылдығы қарсаңында «NIS’s Got Talent» байқауының іріктеу кезеңі өтті.

Әр Шаңырақ сан алуан қызықты қойылыммен ерекшеленді. Жас музыканттар, көркемсөз оқушылар, бишілер жиналған қауымды өнерімен тәнті етті. Байқауға мұғалімдер мен ата-аналар да қатысты.

Үздік өнер көрсеткендер келесі аптада өтетін байқау финалына жолдама алды.