NIS мұғалімдері ауыл мектебінде робототехникадан шеберлік сабақтарын өткізді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Ауыл мектебі» жобасына «Консьерж сервис» компаниясы қосылды. Демеуші ретінде компания Қарағанды облысы Көктас ауылының № 4 ауыл мектебі не арнап «Робототехникаға» қажетті 3 Fisher Technik TXT 4.0 базалық жиынтығын сатып алды. Енді ауыл оқушылары қосымша сабақта робототехникамен айналысатын болады.

Ал Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Көктас ауылдық мектебінің информатика пәні мұғалімдеріне құрылғыларды таныстырып, робототехникадан шеберлік сабағын өткізіп қайтты. Ауыл оқушылары болса, сабақтан тыс дамуға қажетті сыйлықты үлкен қызығушылықпен және ынтамен қабылдады.

Робототехника қазіргі таңда балаларды дамытудағы маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл оқушыларға инженерия негіздері мен заманауи технологиялар жайлы қажетті білім беріп, модельдеу және дизайн машықтарын қалыптастыруға, дамытуға мүмкіндік береді. Роботтар моделін құрастыра отырып оқушылар жан-жақты дамиды: зейінін, ойлау қабілетін, жауапкершілігі мен тиянақтылығын арттырып, командада жұмыс істеуді үйренеді. Көктас мектебінің мұғалімдері Зияткерлік мектептер әзірлеген әртүрлі пәндерді біріктірудің пәнаралық тәсілі арқылы жүзеге асырылған «Робототехника» оқу курсының артықшылық көріп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Ауыл мектептеріне көмек көрсетуге ат салысқан «Консьерж сервис» компаниясына алғысымызды білдіреміз.