NIS DANCE қорытынды концерті өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде NIS DANCE би клубының қорытынды концерті өтті. Клубты осы жылдың ақпан айында мектеп оқушылары Мадина Усенова мен Дильназ Шахзадина құрған болатын. Қазір клубта 50-ден астам қатысушы бар.

– Концерт ұйымдастыру идеясы аяқ асты келді, алайда бірден дайындыққа кірісіп кеттік. Шамамен екі апта бойы би таңдап, концерт сценарийін ойластырдық. Десе де концертке дайындық тез болды. Он күн ішінде біз сценарийге өзгертулер енгізіп, 13 нөмір қойдық. Бұл ұмытылмас сәт болды! Көркемдік жетекші және шығармашыл тұлға ретінде дамуға мүмкіндік берген мектебімізге алғыс білдіреміз, – деп бөлісті Мадина мен Дильназ.