«Не? Қайда? Қашан?» турнирінің жүлдегерлері

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-9 сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік турнирі өтті. Өскемендік NIS ұйымдастырған турнирдің мақсаты – оқушылардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, тарихы мен мәдениеті туралы білімін арттыру.

Зияткерлік ойынға Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

– Ойын өте танымды болды. Командамен бірге Қазақстан тарихына байланысты қызықты сұрақтарға жауап іздедік. Онлайн форматта қарамастан, ойын барынша әділ өтті, – деп бөлісті команда капитаны Қаныш Берлібеков.

Оқушылар мен жетекшілерді құттықтап, табыс тілейміз!