Мен әлемнің азаматымын!

Мен әлемнің азаматымын!

2018 жылдың 8-қазанында Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мен әлемнің азаматымын!» атты жаһандық азаматтық мектеп форумы ұйымдастырылды. «Жаһандық түрде ойлай отыра,өз деңгейіңізде әрекеттеніңіз» ұранымен тәрбие беру бағдарламасының аясында пән мұғалімдері, кураторлар, халықаралық оқытушылар мен оқушылардың қатысуымен форум өткізілді. Форумның негізгі мақсаты оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, оларды әлеуметтендіру және қоғамның маңызды мәселелерін шешуге ұйытқы болу. Форумда Шаңырақ қауымдастығы оқушылары жасаған және БҰҰ-ның даму мақсаттарына арналған 17 үздік жобалар ұсынылды. Оқушылардың жоба бойынша жүргізілген жұмыстары дүниежүзі барлық адамзатқа тиесілі екендігін, бір-біріне деген құрметі, басқа адамдарға жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаны құрметтеуге дәлел болды . Оқушылар идеялары арқылы біздің әлемді қалай жақсартуға ,жетілдіруге болатыны туралы пікірлерімен бөлісті. Форум соңында оқушы-модераторлар, «UNESCO» мектеп клубының мүшелері, барлық шаңырақтардың жұмысын қорытындылап, ұздік жобаларды жариялады. Форумның соңы барлық қатысушылардың Майкл Джексонның «Менің әлемім» атты әйгілі әнін орындауымен аяқталды.