Мектеп түлегі Гонконг университетінің үздік студенттері қатарынан көрінді

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Гүлжан Алдан қазіргі таңда Гонконг политехникалық университетінің төртінші курсында оқиды. Жақында ол өзі білім алып жатқан Құрылыс ортасы мен энергетика департаменттің үздік студенті атағына ие болды. Онлайн өткен марапаттау рәсіміне мектеп директоры Равиль Якупов те шақырылды.

Бұл марапат академиялық табыстардан бөлек, әлеуметтік өмірде де жетістікке жеткен студенттерге беріледі. Ұйымдастырушылар студенттердің пандемия кезінде қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектескенін атап өтіп, оларға алғысын білдірді.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдері атынан Гүлжанды жетістігімен құттықтап, барлық бастамасына сәттілік тілейміз!