Мектеп президентін ұлықтау рәсімі

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде саптық жиын кезінде мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.

Мектеп директоры Равиль Якупов жаңа президент Мерей Серікті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде, Мерей оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді. Саптық жиынға қатысушы бар оқушылар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа президентін құрметпен қарсы алып, өз ықыластарын білдірді.