Мектеп оқушылары Skills UP хакатонының аймақтық кезеңінде жеңіске жетті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Малика Мейрамова, Дильназ Тапина мен Индира Дулатова Skills UP хакатонының аймақтық кезеңінде жеңіске жетті.

Skills UP жастар хакатоны Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Ұлттық білім аптасы аясында ұйымдастырылуда. Жоба онлайн форматтағы білім беру интенсиві мен төрт өңірдегі іріктеу хакатондарынан тұрады. Финалға әр өңірден дайын шешімі бар үздік үш команда шығады. Хакатонның шешуші кезеңі желтоқсанда Алматыда өтеді.

Зияткерлік мектеп оқушылары хакатон аясында адамдарға тік жүруге көмектесетін «PosTrue» ғылыми жобасын дайындап, мобайл қосымша мен арнайы құрылғы жасаған.

– Хакатонға 20 команда қатысты, барлығы дерлік колледж бен университет студенттері. Дайындық барысында қиындықтар болды, бірақ іс-шарадан жақсы әсер алдық, – дейді Дильназ Тапина.

Жоба жетекшісі –математика мұғалімдері Сәулебек Махашев пен Эсентай Өнер.

Құттықтаймыз!