Мектеп қауымдастығы ата-әжелерді құттықтады

Жылдағы дәстүр бойынша Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Оқушылар мен мұғалімдер мектептің сыйлы қонақтары – ата-әжелерді, сонымен қатар Шахтинск қаласындағы арнаулы қызмет көрсету орталығының қарттарын құттықтап, өнерін ортаға салды.

Мерекелік концерттен кейін «Мейірім көпірі» клубының еріктілері қарттар үйінің тұрғындарына арнап тіккен құрақ көрпешелерді сыйға тартты. Ата-аналар комитеті болса, қарияларға мерекелік дастархан жайды.

Кеш соңында құрметті қонақтар мектеп ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.