Мейірімге толы мереке

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары, оқушылары мен ата-аналары Қарағанды облысының Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйін халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

70 жыл бұрынәйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы құрған бұл тамаша мереке бүгінгі күнге дейін балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірімнің, еліміздің жас азаматтарын қолдау мен қамқорлық символы болып келеді.

Мектеп педагогтары балаларға денсаулық тілеп, оқуда табысты, белсенді және ынталы болуға тілек білдірді. Сондай-ақ балаларға дамытушы ойындар, спорт құралдарын, сондай-ақ жазғы демалысқа қажетті басқа да сыйлықтар табыс етілді.

Мектеп қоғамдастығы атынан мекеме әкімшілігіне, тәрбиешілерге және балалар үйінің барлық қызметкерлеріне олардың кәсіпқойлығы, балаларды дамытып, қолдап, олардың болашақта еліміздің жақсы азаматтары болып қалыптасуы үшін жасап жатқан жұмыстары үшін алғыс білдірді. Балалар үйінің ұжымына жаңа бастамалар мен шығармашылық жоспарларды сәтті жүзеге асырып, балалардың денсаулығы мен бақыты үшін жемісті қызмет етуді тіледі. Сонымен қатар, “Қоғамға қызмет ету”әлеуметтік жобасы аясында бұдан әрі де жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

“Мейірім көпірі” клубының еріктілері балалар үйіндегі достарына мұрағаттағы фотосуреттер мен бейне материалдардан жылы естеліктерге толы мерекелік видео құттықтау дайындап, ізгі тілектерін білдірді: https://youtu.be/upnvljj8pv4