Мейірім мен құрмет күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен волонтерлер қатарындағы ата-аналары Шахтинск қаласындағы қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып қайтты. Ата-аналар комитетінің өкілдері педагогтер, оқушылар мен ата-аналар атынан қарттарды құттықтап, оларға ел игілігі үшін жасаған еңбегі, мейірімі мен даналығы үшін шексіз алғыс білдірді. Сондай-ақ, қарттар үйінің басшылығы мен барлық қызметкеріне кәсіби шеберлігі мен қарт адамдарға деген қамқорлығына рақметін жеткізіп, мерекелік дастарханға арналған тәтті-дәмділерді ұсынды.

– Бүгінгі әлемнің қарлық қариясына деген құрметтің символына айналған Халықаралық қарттар күнінде біз үлкендерімізді қуантқымыз келді. «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында өткен 8 жыл ішінде көп ата-әжелермен жақын араласып кеттік, — деп бөлісті мектептегі «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Гүлнара Сеитова.

Кездесу соңында мекеме директоры Ерлан Жаукумов мектептің педагогикалық ұжымын келе жатқан кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.

«Мейірім көпірі» мектеп клубының волонтерлері де қарттарға мықты денсаулық, ұзақ өмір, жан жылуы мен жақсы көңіл-күй тілеп, мерекелік видеоқұттықтау жолдады: