«Мейірім көпірі» еріктілер клубының құттықтауы

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында «Мейірім көпірі» еріктілер клубының мүшелері Қарағанды облысының Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйіндегі достарына видеоқұттықтау жолдады. Еріктілер балалар үйінің басшылығы мен ұстаздарына өзара ынтымақтастық үшін алғыс айтып, мықты денсаулық және барлық балаларға бақытты болашақ тіледі. Елбасы мен барша Қазақстан халқына мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болуына тілек білдірді!