Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!

«Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» әлеуметтік жобасы аясында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Жалпы даму әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері дене шынықтыру пәні мұғалімі, зейнеткер ұстаз Вячеслав Набиевке «Білімді ел — Образованная страна» республикалық қоғамдық-саяси газетіне біржылдық жазылым сертификатын сыйға тартты.

Жалпы даму әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Бекнұр Смагұлов карантиннің ережелерін сақтай отыра, зейнеткер ұстазды келе жатқан Ұстаздар күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Вячеслав Набиев әлеуметтік жоба арқылы ұстаздарға құрмет көрсетіп жатқаны үшін Назарбаев Зияткерлік мектебіне алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.