КӨКТЕМГІ КЕЗДЕСУЛЕР – «ДОСТАР АРАСЫНДА»

КӨКТЕМГІ КЕЗДЕСУЛЕР – «ДОСТАР АРАСЫНДА»
1 мамыр қарсаңында –Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірім көпірі» мектеп клубының еріктілері «Қоғамға қызмет» әдеуметтік жобасын іске асыру мақсатында Қарағанды облысындағы ҚММ «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйіне» дәстүрлі көктемгі кездесуге келді. Шығармашыл оқушылар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап, қызықты бағдарлама ойластырды: дамыту сайыстары, «Қапта не бар?» қозғалыс ойыны, шарлармен сайыс «Жинап көр», «Қайталай алсаң, қайталап көр» және топпен ертегі құрастыру. Сурет салғанды ұнататын барлық оқушыларға «Біз көбелек саламыз» және «Таңғажайып аң» сияқты шығармашылық сайыстар өте қатты ұнады. Бағдарлама соңында флеш-моб биін биледі. Сайыс жеңімпаздары мен барлық қатысушыларға арнайы тәтті сыйлықтар – мерекелік тартулар таратылды. Ісшара соңында оқушылар бір-біріне алғыстарын айтып, өткізген күндері мен ұмытылмас күн үшін алғыстарын жаудырды.