Халықалық фестивальде ІІ орын иеленді

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «Е» сынып оқушысы Жанель Таубаева Jumeirah Sоunds халықаралық жасөспірімдер фестиваліне қатысып, Fine art номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

28 қазан мен 4 қараша аралығында Дубайда өткен конкурсты Нұр-Сұлтан қаласының Музыка және бейнелеу өнері академиясы, Accademia di Canto Renata Tebaldi Mario del Monaco пен Global Music Partnership ұйымдастырған болатын. Халықаралық фестивальде дизайнерлер мен суретшілерден бөлек, әншілер, ансамбльдер, хорлар мен хареографтар бақ сынасты.

Халықаралық сайысқа Жанель қосымша білім педагогы Светлана Катанцеваның жетекшілігімен жасаған «Кілем кесте» әдісіндегі туындыларын апарып, әділқазылардың ерекше ілтипатын бөленді. Сондай-ақ Жанель мектептегі «Дизайн-студия» үйірмесінің белсенді қатысушысы екенін айта кеткен жөн.

Ал біз Жанель мен Светлана Катанцеваны жеңістерімен құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз!