Ерлігі үшін

Ерлігі үшін

2019 жылдың 4 мамырында Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептің мұғалімдері мен оқушылары Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына орай Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы қазақ драма театрының көптен күткен «Қыран қазақ» атты спектаклін тамашалады.Қойылымның арқауы Қарағанды тумасының өмірі мен қазақ ұшқышының аңызға айналған ерлігі болды. Ерекше режиссерлік шешіммен актерлердің рөлді сомдауы көрермендерге аса зор әсер етті. Оқушылар Ұлы Жеңіс үшін жанын пида еткен және игілік ісімен ұрпақтың мәңгі есінде қалған жерлесін мақтан тұтатын болды.