Еріктілер қарттарды құттықтап қайтты

Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілер тобы “Мейірім мен сыйластық күні” акциясы, сонымен қатар “Қоғамға қызмет ету” жобасы аясында “Ұрпақтар сабақтастығы” бастамасына қосылған қарттардың үйіне барып қайтты. Оқушылар қарттарды мейраммен құттықтап, оларға кішігірім сыйлықтарын тарту етті. Ал ата-әжелер болса, қызықты сәттерін еске алып, балаларға ақ батасын берді.