Допты қақпақылдаудан спартакиада жүлдегері

Қазан айында Қарағанды облысының қалалары арасында допты қақпақылдаудан онлайн спартакиада өтті.

Қарағанды қаласы командасының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер тобында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Әнуар Тұрлыбай өнер көрсетті. Әр қатысушы 1 минут ішінде футбол добын балтыр немесе жамбаспен қақпақылдауы тиіс болды. Ануар 144 ұпаймен тамаша нәтиже көрсетіп, облыстық жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Мектебіміздің «NIS-FOOTBALL-CLUB-KRG» футбол клубының үздік тәрбиеленушілерінің бірін кезекті жетістігімен құттықтаймыз!