«Даналық бейсенбісінде» Диана Салехова

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Даналық бейсенбісі» аясында «Терриконовая долина» IT-Hub-ның бизнес-бағыты бойынша жетекшісі Диана Салеховамен кездесті. Қонақ оқушыларға стартапқа идеяны қалай табу туралы, сонымен қатар жобаны іске асыру және дамыту процесі қалай жүретінін айтып берді. Бұдан бөлек стартаптардың танымал мысалдарын келтіріп, стартап-жобаларды дамытудың өзекті бағыттарын атап өтті.