Бүгін қарағандылық NIS оқушылары әлемдік кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы Руслан Мадиевпен кездесті. Руслан Мәдиев 2014-2019 жылдары «GGG» промоутерлік компаниясының кәсіпқой боксшылары командасында өнер көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта ол Сауль Альвареспен жұмыс жасаған Golden Boy промоутерлік компаниясының боксшысы.
«Даналық бейсенбісі» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті. Зияткерлер боксшыдан спортта қалай жетістікке жетуге болатынын, жекпе-жектерге қалай дайындалатынын, ең мықты қарсыласы жайлы түрлі қызықты сұрақтар қойды. Руслан Мәдиев барлық сұраққа ашық жауап беріп, оқушыларға қиындыққа мойымай, көздеген мақсаттарына жетуге тілек білдірді.
Кездесудің ерекше сәті деп Руслан Мәдиевтің шеберлік сабағын атауға болады. Спортшы 9-сынып оқушысы Айқын Серікке бокстың негізгі элементтерін үйретіп, қорғану қимылдарын көрсетті.
– Мен үшін Руслан Мәдиевпен кездесу үлкен қуаныш. Бүгінгі кішігірім жаттығу алғашқыда оңай көрінгенімен әлдеқайда қиын екен. Осыған қарап ағамыздың үлкен әрі ауыр жолдан өткенін байқай аламыз. Бұл кездесу мені жаңа белестерді бағындыруға жігерлендірді, – деп бөлісті Айқын.
Шара соңында афтограф және фотосессия өтті. Оқушылар боксшыға спортта жаңа белестерге жетіп, жеңіс төрінен көрінуін тіледі.