Тірек мектептерге арналған шеберлік сабақтары: Саран қаласы

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында қарағандылық NIS мұғалімдері Саран қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп педагогтарына шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабақтары оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауатын арттыруға қатысты болды.  Мұғалімдер әр оқушының әлеуетін арттырып, зерттеу машығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша тәжірибе алмасты. – Шеберлік сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды […]


Тірек мектептерге арналған шеберлік сабақтары: Балқаш қаласы

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Балқаш қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы № 15 мектеп-лицейінің педагогтарына шеберлік сабақтарын өткізді. Маңызды тақырыптардың бірі оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауатын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге қатысты болды. Мұғалімдер әр оқушының әлеуетін ашуға ықпал ететін және олардың зерттеу машығын дамытатын тапсырмалар құру бойынша […]


Алидар Айтжанов – Қ.Сәтбаев атындағы химия пәні бойынша республикалық олимпиаданың алтын жүлдегері

Қарағандыдағы NIS-тің 9-сынып оқушысы Алидар Айтжанов Қаныш Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиадада І орынға ие болды. Жетекшісі – химия пәні мұғалімі Смағұл Жусупов. 9-сынып оқушылары арасындағы Қ.Сәтбаев атындағы химия пәні бойынша республикалық олимпиада 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында өтті. Оған 76 оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, […]


«Қазақстан – берекелі мекенім!» мерекелік концерті

Бүгін Қарағанды қаласындағы ​​NIS-те Республика күніне орай «Қазақстан – берекелі мекенім!» атты концерт өтті. Мектеп директоры Равиль Якупов барша мектеп қауымын мерекемен құттықтап, жекелеген қызметкерлерге зор еңбегі үшін алғыс хаттар табыс етті. Кештің көркін оқушылардың ерекше биі мен әсем әні ашты. Жас домбырашылардың әуезді күйі еліміздің мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін оятып, көрерменге ерекше көңіл-күй […]


Рухани келісім күні: эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды

Рухани келісім күніне орай Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Менің елім – татулық пен келісім елі» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. 9-12 сынып оқушылары арасында өткен конкурс Қарағанды облысы Дін істері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.Байқау оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып, ұлтаралық, дінаралық достық пен келісімді нығайтуды, сонымен қатар жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат етеді. Конкурсқа […]


«Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру»: 250 мұғалім тәжірибе алмасты

«Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында NIS Білім беру бағдарламалары орталығы тренерлері мен мектебіміздің мұғалімдері бірқатар оқыту семинарларын өткізді. Іс – шаралар ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктігін арттырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды. Тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін үйренуге аймағымыздың түкпір-түкпірінен 250-ден астам мұғалім жиналды. Семинарлар келесі негізгі тақырыптарды қамтыды: * Оқушылардың оқу […]


«Мектепке жол» республикалық акциясы

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары, оқушылары мен ата-аналары «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Биылғы жылы республикалық акция «Жақсылық жаса!» ұранымен өтті. Акция аясында жиналған түрлі кеңсе тауарлары мен мектепке керек шығармашылық және қолөнер бұйымдарын Қарағанды облысы білім басқармасының №4 арнайы мектеп – интернаты балаларына табыстадық. […]


Үйірмелер жәрмеңкесі: 40-тан астам үйірмелер мен клубтар ұсынылды

Бүгін жаңа бастамаларға толы күн болды! 40-тан астам түрлі үйірмелер мен клубтар ұсынылған жәрмеңкеде әркім өзіне жақын және жаңа нәрсе таба алды. Театрды жақсы көретін оқушылар сахна өнерінің сиқырын сезінуге шақырды. Жас робототехниктер технологиялар мен өнертабыстар әлемінің кереметін бөлісті. 3D анимация үйірмесі ғажайыпқа толы виртуал әлемді ұсынды. Шахматшылар оқушыларды достық партиясын ойнауға шақырды. Ал пікірсайысшылар […]


Қарағанды НЗМ оқушылары республикалық әлеуметтік жобалар байқауында екінші орынға ие болды

Қарағандылық NIS-тің 10-сынып оқушылары София Дасаева мен Лейла Нұрлыбаева Solve for tomorrow 2023 республикалық әлеуметтік жобалар байқауында екінші орын алып, 2,5 миллион теңге грантқа ие болды. Байқауға оқушылар Full Speed Wheelchair жобасын ұсынды. Жоба жетекшісі – география мұғалімі Жанар Байметова. – Бұл арбаны жасау көп уақытты қажет етпеді. Біз бірінші прототипті жасаған кезде ол өте […]


Отбасы күні құтты болсын!

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында елге қызмет отбасынан басталатынын атап өткен болатын: «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті […]