Бірлік – біздің тірегіміз

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Шаңырақ сағаттары өтті. Кездесу барысында оқушылар бірлік пен достықтың маңызы жайлы ой өрбітті.

– Достық ұлт талғамайды. Менің достарымның арасында түрлі ұлт өкілдері бар. Біздің достарымды және көпұлтты елде тұратынымды мақтан етемін, – деп бөлісті «Кент» Шаңырағының оқушысы Данил Вырыпанов.

Шаңырақтарда түрлі викториналық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар әр ұлттың дәстүр-салты мен мәдениеті жайлы қызықты мәліметтер білді.

– Бірігіп іс бастаған адамдарға ең керегі – татулық, бірлік, достық. Бірліксіз ешқандай іс өнбейді, – деген сенімде «Қарқаралы» Шаңырағының оқушысы Аружин Хайрат.