«Қазақтың 100 күйі» жобасына арналған сурет көрмесі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қазақтың 100 күйі» жобасына арналған сурет көрмесі өтті. Оқушылар әр түрлі техникада ұлттық музыка аспаптары суретін салып, көрермен назарына ұсынды. Көрмені тамашалаған мұғалімдер мен зияткерлер оқушылардың талантына тәнті болды.