Аттестат табыстау салтанаты өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектерге аттестат табыстау салтанаты өтті. Осы оқу жылында Зияткерлік мектепті 132 түлек аяқтап отыр. Оның 9-ы «Алтын белгі», 15-і үздік аттестат иегері атанды.

Салтанатты кешке жиналған қауымды мектеп директоры Равиль Якупов пен ғалым, химия ғылымдарының докторы, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» басқармасының төрағасы Серғазы Адекенов құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

Жоғары оқу орындарына толық грантқа түскен түлектердің есімдері де мақтанышпен аталып өтті. Олар АҚШ, Германия, Италия, Венгрия, Гонконг, Қытай, Ресей және т.б елдерде білімін жалғастырмақ. Сонымен қатар 12 түлек Назарбаев Университетіне Foundation бағдарламасы бойынша оқуға түсті.

Алда түлектерді қызықты студенттік өмір мен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Оларға барлық армандары орындалып, жоспарлары жүзеге асуын тілейміз!