Ата-аналар жиналысы өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, оқушының үлгерімімен танысты.

Ата-аналар жиналысында оқушылардың І тоқсан қорытындысы бойынша оқу үлгерімі мен тәрбие жұмысының нәтижесі ұсынылды. Сонымен қатар мектептің педагог-психологтары ата-аналарға оқушылардың психикалық және физикалық денсаулығын нығайту бойынша бағдарламаны таныстырды.