Қарағандылық NIS оқушылары Президенттік олимпиадада

Бүгін «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты базасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Президенттік олимпиада – талантты балаларды анықтап, оларды қолдауға бағытталған жыл сайын өтетін іс-шара.

Президенттік олимпиада мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасап, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, сонымен қатар Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.

Биылғы жылы олимпиаданың облыстық кезеңіне Қарағандылық NIS–тің екі оқушысы Шыңғыс Алиакпар мен Алишер Кабардияди өтті.

Олимпиада аясында олар төрт пән бойынша тест тапсырмаларын орындады: математика, физика, химия және биология. Екінші турда оқушылар ғылыми эссе жазды.

– Тапсырмалар өте қызықты және әртүрлі болды. Стандартты емес ойлауды және мәселеге барынша жан-жақты көзқарасты қажет етті. Химия және биология бойынша тапсырмалар ерекше есімде қалды. Осы олимпиадада белгілі бір білім деңгейін көрсете алдым деп үміттенемін, – деп бөлісті Шыңғыс.

Эссе бөлімінде Шыңғыстың биологиялық жүйелердегі жасушалар мен молекулалар формалары рөлі туралы тақырыпты таңдаған. Ал Алишер болса, экологиялық тақырыпты қозғады.

– Эсседе мен әртүрлі энергия көздері туралы және олардың қоршаған әлемге тікелей әсері туралы жаздым. Энергия өндірудің пайдалы және зиянды жақтарын атап өттім, мысалы, қышқыл жауын-шашын және климаттың өзгеруі жайлы және осы процестердің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы. Сондай – ақ жаңартылатын энергия көздерін игеру қажеттілігі туралы айтып өттім, –дейді Алишер.