Қала және облыс мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде онлайн форматта «Ұлттық құндылықтар – ұлттық болмыстың негізі» облыстық семинар-практикумы өтті. Семинарды ұйымдастырушы педагог-кураторлар 130-дан аса қала және облыс мұғаліміне мектепте жүргізілетін тәрбиелік бағыттағы жобалар жайлы баяндап, тәжірибе бөлісті.

Атап айтар болсақ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүргізіліп жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы», «Ұлы дала ақындары», «Замандастар жырлайды», «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» жобалары жайлы ақпарат беріліп, олардың оқушылардың тәрбиесіне, жан-жақты дамуына әсері жайлы айтылды.