Соңғы қоңырау салтанатты шарасында бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік метебін 79 түлек тәмамдады. Үлкен өмірге қадам басқан осынау түлектердің 15 алтын белгі үміткері болса 15 түлек үздік аттестат үміткері, бұл мектеп бітіруші түлектеріміздің 38 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар 22 түлек еліміз бен шет елдердің үздік оқу орындарында оқу гранттарының иегері болса, соның ішінде ерекше атап өтері Айгерім Ахметжанова әлемнің үздік алты университеттерінің гранттарын иеленіп отыр.Сингапур,Канада,АҚШ елдерінің алты оқу орны Айгерімді оқуға шақырған болатын. Дегенмен Айгерімнің таңдауы әлемге әйгілі АҚШ-тың Браун университеті болды. Сонымен қатар соңғы қоңырау салтанатты шарасына арнайы келген Білім және Ғылым Министірінің Кеңесшісі Асылов Фархат Мейрамбекович мектеп Директоры Якупов Равиль Мансуровичті білім саласының Құрметті қызметкері төсбелгісімен марапаттады.