«Соғыстың мәнгілік жаңғырығы»

«Соғыстың мәнгілік жаңғырығы»
8 мамырда Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Концерттің құрметті қонақтары соғыс ардагерлері мен Қарағанды облысы, Шахан кентінің еңбек және тыл ардагерлері болды. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері Сазонова Анна Семеновна бар. Концерттің қатысушылары бір минут үнсіздікпен жауынгерлер рухына тағзым етіп, еске алды. Оқушылар соғыс жылдарындағы әндерді ерекше тебіреніспен орындады. Оқушылар Сәкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» драмасынан үзінді көрсетіп соғыс уақытында зардап шеккен балалардың тағдыры мен қыйын күндерді бейнеледі. Шахтинск қаласының ардагерлер Кеңесінің мүшесі Каирбекова Нуржиган Валиевна және тыл ардагері Кавина Тамара Николаевна барлық адамдарды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, мерекені ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жас ұрпаққа ешқашан соғыс көрмей, жер бетінде бейбітшілік болуын тіледі. 
Мерекелік бағдарламаның соңында «День Победы» әнін мұғалімдер, оқушылар және концерттің барлық қатысушылары бірге шырқады.