Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында өткізілген қайырымдылық шарасы
Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесі түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынасты аша түсуге, олардың арасындағы байланысты нығайта түсуге бағытталып, мәдени көпұлттық диалогтың жетістіктерін паш ету болып табылады. 
Шара барысында, әлемнің түрлі елдерінің ұлттық тағамдарын жасауда Шаңырақтар арасында сайыс өткізілді. Мектеп Шаңырақтары түрлі ұлттық тағамдарға толы үстелдерді ұлттық нақышта безендірді. Мектеп парламенті мүшелері, “Мейірімділік көпірі” клубының еріктілері және Қарағанды қ. ХББ НЗМ ЮНЕСКО клубының үйлестірушілері құрамынан іріктелген әділқазы алқаларына өз елдерінің тағамдарын ұсынды. Барлық жиналған қаражат сырқат баланың еміне жұмсалатын болады.