5-сынып оқушылары назарына!

Жалпы білім беретін оқу ордаларының 5-сынып оқушыларын NIS-тің 7-сыныбына түсуге арналған конкурстық іріктеуге дайындау мақсатында “Виртуалды мектеп” жобасы басталды.

Виртуалды мектеп – оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша онлайн режимде білім алуға мүмкіндік беретін қосымша білім беруді ұйымдастыру нысаны.

Виртуалды мектептің жұмыс кестесі:

5 сынып оқушыларының тіркелуі: 29 наурыз-23 мамыр.

Бейіндік пәндер бойынша оқыту: 19 сәуір-23 мамыр.

Ағымдағы бағалау тест тапсырмаларын орындау: 19 сәуір-23 мамыр.

Қорытынды тестілеуден өту: 17 мамыр-23 мамыр.

Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ сайтында жүргізіледі.