Тату отбасы

Тату отбасы
2019 жылдың 9 ақпанынан бастап Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналарға және 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған “Тату
отбасы” атты пилоттық жоба іске қосылды. Аталмыш жобаны алкоголизм мен нашақорлықпен күресуде отбасының араласуы қаншалықты тиімді екендігін, сонымен қатар жеткіншектерде пайда болатын қандай да бір мәселелерді қалай шешу керектігін тексеру үшін Оксфорд Брукс (Ұлыбритания) университеті жанынан жұмыс жасайтын денсаулық және әлеуметтік саулық мектебі бастап берген. 
Жобаның басты мақсаты – жеткіншектердің жүріс-тұрысының ауытқушылықтарына әкеліп соғатын отбасылық факторларды азайту, сонымен қатар, жеткіншектер мен ата-аналарының/қамқоршысының арасында жақсы қарым-қатынасты дамытуды ынталандыру болып табылады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін оқушылар мен олардың ата-аналарымен/қамқоршыларымен аптасына бір реттен жеті рет кездесуі қажет. 
Бағдарламаға қатысатын ата-аналар сабақта не үйренгендеріне қарай, өздерінің жүріс-тұрысына басқаша көзқараспен қарай алады (ситуацияға және балаларының психологиялық жағдайына талдау жасай білу дағдыларын, балаларының көңілі құлазыған сәттере оларды сабырмен тыңдай білу дағдылары сияқты). Бұндай оң өзгерістер өз кезегінде отбасы жүйесінде эмонционалдық қасиеттердің өзгеруіне себеп болуы тиіс.