Тәжірибе алмасу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі төрт жылдан бері облыстағы пилоттық мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасауда.Қарағандыдағы №3 гимназиямен өткен семинар сол тығыз әріптестіктің бір көрінісі.Семинар мақсаты – жаңа білім мазмұнынын қолдануда тәжірибе алмасу, оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану болып табылады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары пилотық мектеп базасында оқушының жобалық зерттеу іскерлігі, дизайн-ойлау тақырыбындағы шеберлік шыңдау дәрістерін өткізді.Сбақ барысында семинар қатысушылары : қала мектептерінің мұғалімдері , аудандық білім бөлімінің әдіскерлері жаңартылған білім мазмұнындағы ерекшеліктерге тоқталды.Семинар қатысушылары жалпы жеткен жетістіктерге талдау жасап,баса назарға алар тұстарға тоқталды.Болашақта екі жақты тығыз байланыс орнатудың тиімді , жаңа жолы ашылды.