Ұстаз деген – биік ұғым, мәңгілік! 

Ұстаз деген – биік ұғым, мәңгілік! 
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің кәсіби мерекесі аталып өтті. Жұмыс күні басталғаннан-ақ оқушылар ұстаздарды зор қошеметпен қарсы алды.Ұрпақ тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан барша мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары ұстаздар мерекесіне арнап ән мен биден шашу шашты. Осынау мерекелік шара барысында мектебіміздің бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамоталарымен марапатталса, енді бірі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Шамшидинова Куляш Ногатайқызының құрмет грамоталарын иеленді. Сондай – ақ ұстаздар мектеп басшысының да алғыс хаттарына ие болды