«Шұғыл жағдайда алғашқы жәрдем көрсету»

17.10.2018 жылы Қарағандыдағы зияткерлік мектебінде Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті жанындағы практикалық дағды орталығының қызметкерлері 9-11 сынып оқушыларына практикалық семинар өткізді.«Шұғыл жағдайда алғашқы жәрдем көрсету» -деген тақырыпта.Семинар барысында орталық мамандары оқушыларға түрлі жағдайларды мысалға келтіре отырып, жол көлік оқиғасында, өмірлік тосын қиындықтарда кезігер қысылтаяң шақта зардап шегушіге жедел көмек көрсету тәсілдерін үйретті. Семинар жетекшісі Васильев Д.В. жүрек тоқтап қалған жағдайда көрсетілер жедел көмек түрлерін жасанды қуыршаққа көрсету арқылы түсіндірді. Оқушылар адамның сырт бейнесіне қарап ондағы жүрек талмасын қалай білуге болады, жүрекке ауа беру түрлері , тыныс алу жолына тиімді қозғалыстар түрін көрді.Осыдан кейін оқушылар орталық мамандарының көмегімен жүрекке массаж жасау, тынысты кеңейту тәсілдерн өздері жасап көрді.Семинар соңында мұғалімдер және оқушылар осындай қажетті ақпар және тәжірибемен бөліскендері үшін осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.