Рухани мәдениет – әлемді жаңарту кілті.

Рухани мәдениет – әлемді жаңарту кілті.
Қазақстан Республикасының Рухани келісім күнін атап өту қарсаңында Назарбаев зияткерлік мектебі мен Қарағанды қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 9-11сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқау жұмыстарының «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі», «Қарағанды достық пен бірліктің қаласы» тақырыптары патриотизм, достық пен толеранттық қарым-қатынасты дамытуға, қаламыздағы әр түрлі ұлт өкілдерінің арасында қарым-қатынастарды нығайту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, жас ұрпақты тәрбиелеуде кіші отанына деген сүйіспеншілігі арқылы қала тарихына, рухани-адамгершілік құндылықтарға, Қарағанды қаласының тұрғындарының көпұлтты мәдениетіне бағытталған. Байқау эсселері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінде салтанатты марапаттау рәсімі және қатысушыларды марапаттауға құрметті қонақтар ретінде: облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Хайдакъ» ансамблінің көркемдік жетекшісі және директоры, «Дағыстан» Ұлттық-мәдени орталығынан У. А. Омаров және Қарағанды облыстық “Видергебурт неміс орталығы” “Brilles-Сияние” Би Театрының көркемдік жетекшісі О. В Шлыкова қатысты. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Дипломдар, Сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бірінші орындарды: облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған “Дарын” мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Кайрула Мадина (эссе қазақ тілінде ), Қарағанды қаласы НЗМ ХББ-ның 10 сынып оқушысы Зарқанқызы Гүлзар (эссе ағылшын тілінде ), Қарағанды қаласы НЗМ ХББ-ның 10 сынып оқушысы Мұхтарова Әсел (эссе орыс тілінде) иеленді. Сондай-ақ, жүлделі орындарға ие болған № 2 Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған “Дарын” мектеп-интернаты және Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебі оқушылары мадақталды. “Дағыстан” Ұлттық-мәдени орталығының “Хайдакъ” би ансамблінің, “Видергебурт неміс орталығы” облыстық қоғамының “Brilles-Сияние” Би Театры орындауында болған мерекелік тарту кеш қатысушылары мен қонақтардың ду қол шапалағына ұласты. Мереке соңында жеңімпаздардың мұғалімдері мен жетекшілерін, кеш қонақтарын конкурс ұйымдастырушыларының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.