READx

                                                READx

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде READx жобасы жалғасуда! READx тыңдаушыларға, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа оқу идеяларымен бөлісуге, өздері үшін қажетті тың дүниелер естуге, және шабыттандыратын, кітап оқуды ұнататын белсенді оқырмандардың оқу алаңы!

11 қазан күні мектебімізде кезекті READx жобасы өткізілді. Бұл жолғы READx-қа 4 спикер қатысып, олар тыңдаушылармен өздерінің ішкі жан-дүниелеріне, көзқарастарына аса қатты әсер еткен шығармалары мен кітаптары жайында бөлісті. Әртүрлі оқырмандардан құралған спикерлер жобаға келген тыңдаушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт сыйлады. Шара соңында тыңдаушылар қатысушылармен өзара ақпарат бөлісіп, көрмедегі кітаптармен танысып, өздеріне болашаққа қажетті бағыт алды. Жақсы кітаптар Интернетте отырып, немесе теледидар қарағаннан көрі әлдеқайда көп пайда әкеледі.

Сондықтан, кітап оқыңыз, трендте болыңыз!