Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі 

қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін 
Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін   

Түскі үзіліс уақыты:  
Дүйсенбі – жұма күндері сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін  

Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді 

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

Қарағанды ХББ

Шахтеров даңғылы, 62

8 (7212) 50-78-55

krg.nis.edu.kz

2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсу үшін оқушыларды конкурстық негізде іріктеу туралы ақпарат

Конкурстық іріктеу екі күн бойы өткізілетін екі кешенді тестілеуден тұрады.

Тестілеудің бірінші күні «Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдерінен тұратын жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалауға арналған тест өткізіледі.  

Тестілеудің екінші күні қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша Тілдік тест өткізіледі.

Барлық үміткерлер екі тестілеуді де тапсырады. Тестілеу қағаз түріндегі форматта жүргізіледі.

Тестілеу нәтижелерін талдау

Тестілеу нәтижелерін өңдеу Нидерландыда Cito Педагогикалық өлшеулер институтының қатысуымен үміткерлердің нәтижелерін автоматтандырылған статистикалық және психометриялық талдау арқылы жүзеге асырылады. Талдау нәтижесі әр тапсырманың күрделілік деңгейін анықтайды және тест бөлімі үшін қорытынды балл бойынша олардың үлесін есептейді. Бұл әдіс нәтижелерді объективті және шынайы бағалауды қамтамасыз етеді, сондықтан апелляция өткізілмейді.

Тестілеу нәтижелері туралы хабарлау

Тестілеу нәтижелері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz сайтында және тестілеу өткізілген ғимаратта тестілеудің екінші күні аяқталған соң 40 күнтізбелік күннен кейін ілінеді.

Конкурстық іріктеуді өткізудің тәртібі, тест тапсырмаларының үлгісі және жауап парағы туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтынан алуға болады («Үміткерлерге» бөлімі).

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі туралы үміткерлер мен олардың ата-аналарына арналған ақпараттық буклетті мына жерден жүктеп ала аласыз


2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуі

Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қ. Халықаралық мектепте компьютерлік форматта өткізіледі (әр мектептегі орын саны шектеулі).

Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Байқау тестілеуі ақылы негізде жүзеге асырылады (12 000 теңге).

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

* Негізгі конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 20 тапсырма ғана беріледі.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

2023-2024 оқу жылында 5 байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.

* Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау  https://trialtest.nis.edu.kz/  онлайн тіркелу порталында жүзеге асырылады. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ОРЫН БРОНДАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілінің (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.)  https://trialtest.nis.edu.kz/  онлайн тіркелу порталында тіркелуі.

2-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізу.

3-қадам. Орын брондау:

байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдау;

байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысу және келісу.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлеу (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).

5-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсатнамасын жүктеп алу (мектепке келу уақыты рұқсатнамада көрсетіледі).

Телефон нөмірі — 8 (7212) 50 78 55

Онлайн тіркеу порталында тіркелу немесе басқа да техникалық мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса, көрсетілген телефон нөмірлері бойынша қолдау қызметіне хабарласыңыз.