Миссия:

Жаһандық цифрландыру жағдайында көптілді, инновациялық, құндылықтарға бағытталған мектептің білім беру моделін жүзеге асыру арқылы аймақтың дарынды балаларын қауіпсіз және ынталандыратын ортада оқыту мен тәрбиелеу.


Пайымдау:

Қарағанды қаласындағы ХБН НЗМ түлегі – Қазақстан Республикасының патриоты, бірнеше тілде сөйлейтін және цифрлық құзыреттіліктерді меңгерген, икемді ойлауға және эмоционалдық интеллектіге ие, әртүрлі мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасай алатын интеллектуалды дамыған тұлға.

Анықтамалар:

Цифрлық азаматтық

Мұғалім мен оқушының мектеп қауымдастығының қызметін тиімді ұйымдастыру үшін қауіпсіздік пен этикалық стандарттарға сәйкес ақпаратты сыни тұрғыдан талдай отырып, цифрлық кеңістікте бейімделе алу қабілетін анықтайтын тұжырымдама.


Жаһандық азаматтық

Тұрақты даму мен қолайлы ортада әрекет ететін, халықаралық қауымдастыққа тиесілі, өз елінің ұлттық мәдениетін құрметтеуді, әлемдік мәдениеттің бір бөлігі ретінде айқындайтын ұғым.

Жоғары сапалы білім беру және оқыту

Оқушылардың бастамашылдығын, жауапкершілігін, сыни ойлауын, кәсіби және әлеуметтік ортада қажетті метатанымдық қабілеттерін дамыту және жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін NIS-Program негізінде мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жан-жақты дамуына және өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталған білім беру процесі.

2013 жылдың 01 ақпанында Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған сегізінші Зияткерлік мектеп болды.

Аталмыш мектеп – үш қабат, он төрт блоктан тұратын 720 орындық нысан. Толық күн тәртібінде білім беруге арналған. Білім беру мекемесінде 62 оқу бөлмесі, физика, химия және биология пәндеріне арналған үш кеңейтілген зертханасы бар. Аймақтардан келген оқушылар үшін 120 орынды жатақхана тұрғызылған. Дене шынықтыру пәніне арналған спорт секциялары, екі спорт залы, тренажер залы, футбол алаңы, жүгіру жолдары, спорт алаңдары қарастырылған. Мәдени-танымдық шаралар мен  бос уақытты ұйымдастыруға арналған 350 орындық акт залы бар. Мектепте үлкен кітапхана, заман талабына сай медиатека, ақпараттық орталық жұмыс істейді. Оқушылардың тамақтануын 360 орындық асхана қамтамасыз етеді.  Білім беру процесі оқу мен тәрбие жұмысын барынша сіңіруге бағытталған. Білім беру процесін 119 пән мұғалімдері мен Ұлыбритания,  АҚШ, Филиппин, Кения және Австралиядан келген 9 халықаралық мұғалімдер ұйымдастырып отыр.