«Қарағанды облысында туризмнің даму әлеуеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2018 жылдың 6 желтоқсанында қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінің пәндер айлығы аясында, Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында «Қарағанды облысында туризмнің даму әлеуеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Аймақтағы туризмнің дамуын талқылауда 12 D сыныбының оқушысы -Қуанышева Тамила, ағылшын тілі және жаһандық перспективалар пәні мұғалімі – Алиева Айнұр және қоғамдық қайраткер және саяхатшы, Nomadic Travel Kazakhstan туркомпаниясының директоры – Виталий Шуптар белсенді қатысты.

Талқылау барысында аймақтағы туризмнің қазіргі жағдайына шолу жасалынды. Ішкі және сыртқы туризмнің дамуына кедергілер келтіретін проблемалар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Сөз сөйлеушілер қазіргі кезде Қарағанды облысының жалпы әлемдік туризмнің қарқынды дамып келе жатқан бағыттары, яғни эко- және этнотуризмді дамыту үшін әлеуетінің жоғары деңгейін атап өтті. Шетелдік туристердің Қазақстанға келу себебі – ұлттық ерекшеліктермен танысу және табиғи, тарихи ескерткіштерді көру екендігі айтылды.

Мектеп оқушылары талқылауға белсенді қатысты, олардың талқыланған тақырыпқа деген қызығушылығы байқалды. Олар туризмнің дамуы жайлы өздерінің бақылаулары және ой-пікірлерімен бөлісті. Сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойды.

Талқылау соңында дөңгелек үстелдің қатысушылары жақын болашақта Қарағанды облысында туризм қарқынды дамиды және аймақтағы туризмнің дамуы өз кезегінде облыстың экономикалық әлеуетінің дамуына ықпал етеді деген пікір білдірді. Сөз сөйлеушілер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.