“Ізденген жетер мұратқа”

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қаламыздың дарынды балаларға арналған мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу қонағы «Астана» Халқаралық қаржы орталығының атқарушы директеоры, Қазақстанның 100 жаңа есімінің финалисті Ернұр Рысмағамьетов пен Қырғызстан мемлекетінен келген танымал биші, бірнеше халқаралық байқаулардың жеңімпазы Атай Өмірзақов болды.Кездесу ашық сұхбат түрінде өрбіді. Талай белестерді бағындырған қонақтар алға қойған мақсатқа жету жолында қандай қиындықтар болғанын, онымен қалай күресіп, жеңіске қалай жеткендерін қысқаша әнгімелеп берді.Кездесуге келген қонақтар өздерінің жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында Ернұр Рысмағамбет экономикадан Мәскеуде өткен алғашқы халқаралық олимпиада жеңімпазы 11С сынып оқушысы Даупбаеву Айганым мен экономика пәнінің мұғалімі Ни Викторды марапаттады. Сонымен қатар халқаралық олимпиадада ел намысын қорғаған үздік команда үшін мектеп ұжымын да марапаттады.