ИВАН КРЕПАК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМІ

???ИВАН КРЕПАК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМІ???

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Иван Крепак «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының қатарына енді.

Жобаның 2000 қатысушысының арасынан іріктелініп алынған үздік 29–ымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Қазмедиаорталықта кездесті. Олардың арасында НЗМ оқушысы, робототехник, мобильді қосымшалардың авторы, робототехника мен компьютерлік технологиялар бойынша өткен олимпиадалардың жеңімпазы – Иван Крепак бар.

Шараның ресми бөлімінен соң Мемлекет басшысы жеңімпаздармен әңгімелесіп, суретке түсті. Олардың арасында Иван Крепак та бар.

– Мен Президентке былай дедім: «Қазіргі таңда Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте білім аламын. 2014 жылы менің арманымдағы мектепке грант алдым. Сол кезден бастап Сіздің және мемлекетіміздің үмітін ақтауым керек екенімді түсіндім. Біздің мектебімізде робототехника сыныбы бар болғандықтан жаңа жобалар мен мобильді қосымшалар жасауға үйретеді. Мұның бәрі сіздің бізге деген сеніміңіздің арқасында. Мен үнемі өзіммен бірге жарыстарға, конференцияларға, форумдарға бірге алып жүретін бойтұмарым – сіздің фотосуретіңіз. Осы сөздерден соң Нұрсұлтан Әбішұлы менің арқама қолын қойып: «Ваня, енді сенің жаңа бойтұмарың болады»,–деді. Біз суретке түстік, – дейді толқынысын жасыра алмаған Иван Крепак.