«Достар шеңберінде» атты шығармашылық шеберлік сағаты

«Достар шеңберінде» атты шығармашылық шеберлік сағаты

2018 жылы 8- қазанда ҚММ- жанындағы «Қарағанды облыстық білім беру департаменті, дамуы шектеулі балалар үйінің тәрбиенушілері» Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қонақта болды. «Қоғамға қызмет көрсету» атты мектебіміздің әлеуметтік жобасы іс—шара жоспарына сай ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Дизайн-студия» мектебінде сәндік-қолданбалы өнер бойынша ашық шеберлік сағаты өткізілді, онда қонаққа келген балалар үйінің тәрбиенушілері мен мектебіміздің «Үшқоңыр» шаңырағының оқушылары бірлесе отыра ,қөлөнерде decoupage элементтері бар әшекейлі сандықты безендіру құпияларын ашты.Практикалық сабақ барысында қыз балалар ағаш сандықтарды әшекейлеуде түрлі материалдарды қолдана отыра, декупажды майлықтар , суретті жапсырмалар, моншақтар стразалар.тоқымалар және тағы басқа бұйымдар жасауды үйренді. Сабақ соңында балалар үйінің тәрбиеленушілері өз қолдарынан шыққан, әшекейлеп безендірілген сандықтарды сыйлыққа алды. Барлық қатысушылар үшін балалар үйі тәрбиенушілермен кездесу өте пайдалы да мазмұнды өтіп бір-біріне деген қарым-қатынастары адамдар арасында мейірім мен жақсылық сыйлауға ықпал етті.