ДЕБАТ

ДЕБАТ
2018 жылдың 8 – қазанында Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, оқушылар арасында мектепішілік дебат ойыны «Бұл палата БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін таратып жібереді» тақырыбында өтті. Ойынға 8-12 сынып оқушылары қатысты. Ойынның мақсаты оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттарды жинау ,талдау , сөйлеу шешендіктерін дамыту және тақырыпты тереңірек түсіну. Ойын барысында оқушылар мәселенің өзектілігін дәлелдей отыра, өздерінің ұстанымдарын қорғап, жеткізе алды.