«Жаңа жылдық шырша» мерекесі

Жаңа жыл қарсаңында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер мен қызметкерлердің балаларына арналған шырша мерекесі өтті. Әдемі әрленген мектеп шыршасының маңына жиналған балалар Жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Көңілді кешке келген бүлдіршіндер жыл жануарлары мен мультипликация кейіпкерлерін қуана қарсы алды. Сонымен қатар «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында жаңа жылдық мерекеге Қарағанды қаласының ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау […]


«Мейірім көпірі»: Жаңа жыл алдындағы жылы кездесу

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Жаңа жыл қарсаңында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне кезекті рет қонаққа келді. Кездесу аясында мектептің Дизайн-студиясында «Мейірім көпірі» клубының еріктілерінің қатысуымен «Аяз Ата шеберханасында» жаңа жылдық шығармашылық сабақ өтті. Шеберлік сабағы барысында қосымша білім беру мұғалімі Светлана Катанцева қыздарға жаңа жылдық ұзын қоныш тігуді үйретіп қана қоймай, […]


Ашық есік күні

Барлық 6-сынып оқушылары мен ата-аналарын 23 желтоқсанда (сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін) Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтетін Ашық есік күніне шақырамыз. Сізді қызықты іс-шаралар, мұғалімдермен кездесулер және мектеп бойынша экскурсия күтуде! Мекенжайымыз: Шахтеров даңғылы, 62 Анықтама телефоны: +7 (7212) 50-78-55 Мектеппен танысып, қызықтырған сұрақтарыңызға жауап алу мүмкіндігінен құр қалмаңыз!


INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жүледегерлері

16-18 желтоқсан аралығында Астанада INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті. Биыл жарысқа 5 мемлекеттен 450 оқушыс қатысып, 184 жоба ұсынған болатын. Жарыстар алты секция бойынша өткізілді: робототехника (FLL Challenge жəне Arduino Hackathon); компьютерлік бағдарламалау; компьютерлік графика жəне өнер; қолданбалы ғылыми жобалар; қысқаметражды фильмдер; қолданбалы математикалық жобалар. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Арнелла Төлегеннің […]


«Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы өтті. Дәстүрге айналған флешмоб Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде жыл сайын ұйымдастырылады. Зияткерлік мектеп домбырашылары биыл да дәстүрді үзбеді. Флешмобқа қатысқан оқушылардың бірі – 12-сынып оқушысы Еркебұлан Кескинбаев. Ол дәстүрлі домбырашылар флешмобына 7-сыныптан бері қатысып келеді. Зияткердің айтуынша, мұндай іс-шаралар кәсіби музыканттардың ғана […]


«Ата-аналар университеті»: Отан отбасынан басталады

«Ата-аналар университеті» жобасы аясында «Отбасындағы патриоттық-адамгершілік тәрбие – ұлттық рухтың көрінісі» тақырыбына арналған ата-аналармен кезекті кездесу өтті. Шара 9-10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналып, балаларды отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудің маңызды аспектілері баяндалды. Кездесу барысында жасөспірімдердің бойында ұлттық рухты қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің ықпалы айтылды. Сонымен қатар балаларды патриоттық және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған NIS жобалары таныстырылды.


Байқау тестілеуі

Бүгін 23 желтоқсанға жоспарланған ақылы байқау тестілеуіне тіркеу басталғанын және орындарды брондау мүмкіндігі ашылғанын хабарлаймыз. Тестілеуге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркее аласыздар: http://trialtest.nis.edu.kz/. Байқау тестісі Зияткерлік мектептердің 7-сыныбына түсу үшін тапсырылатын конкурстық іріктеудің барлық бөлімін қамтиды. Бір сынақ тестілеуіне қатысу құны – 12 000 теңге.


Тірек мектептерге арналған шеберлік сабақтары: Ақтоғай ауданы

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында қарағандылық NIS мұғалімдері Ақтоғай ауданындағы Күләш Байсейітова атындағы тірек мектеп педагогтарына шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабақтарының негізгі мақсаты – педагогикалық ұжымның кәсіби дағдыларын кеңейту ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасып, инновациялық әдістерді оқу процесіне сәтті интеграциялауға жағдай жасау. Іс-шаралардың маңызды бөлігі NIS мұғалімдері практикасы мен тәжірибесін талқылауға […]


Қарағандылық NIS оқушылары Бельгияның Қазақстандағы елшісі Анри Вантигеммен кездесті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Бельгияның Қазақстандағы елшісі Анри Вантигем келді. Елші «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық науқаны аясында мектептегі бірнеше іс-шараға қатысты. Елші кураторлық сағаттарда оқушылардың ой-пікірін тыңдап, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастырудың маңызы жайлы кездесу өткізді. – Әлемдегі қатыгездікті жоюға білім мен ғылым да ықпал ете алады. Сіздер тамаша мектепте білім […]


«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық науқаны аясында елімізде аккредиттелген БҰҰ дипломатиялық миссиялары мен агенттіктері ұйымдастырған мектепішілік байқаулардың жүлдегерлері

Эссе байқауы Бас жүлде: Мади Кенесов – 11I сынып оқушысы 1-орын иегерлері: Несібелі Мұхамеджан – 10 С сынып оқушысы Камила Тазабекова – 10 F сынып оқушысы 2-орын иегерлері: Нұрбақыт Сұлтан – 9 А сынып оқушысы Елдана Серикбекова – 9A сынып оқушысы Айжан Абзалова – 12Е сынып оқушысы 3-орын иегерлері: Аяна Каленбаева – 9 В сынып […]